Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Бұл туралы Рarlam.kz хабарлады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын, — делінген хабарламада.
