Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 14 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 448,62 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,35 теңге.

13 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,21 теңгеге өсіп, 448,59 теңге болған. Ресей валютасы – 5,37 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446,5–450,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447–451 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,25–5,49 теңгеге, Астанада 5,29–5,39 теңге аралығында сатып алуға болады.