Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар – 445,62 теңге, Ресей рублі 5,40 теңге болып бекітілді.
9 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 0,91 теңгеге өсіп, 445,66 теңге болған. Ресей валютасы 5,38 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445–449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 445,5–448,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,33–5,57 теңгеге, Астанада 5,3–5,4 теңгеге сатып алуға болады.
