Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанада 1 доллар 443–447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444–448 теңге аралығында құбылып тұр.

3 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 6,43 теңгеге төмендеп, 442,74 теңге болған.

Ұлттық банктің 4 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 442,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағасы – 5,58 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 5,45–5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр, ал Астанада 5,48-5,58 теңгеден сатылып жатыр.