Қазақстанда кейінгі тәулікте 54 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
11 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 819 адам коронавирус инфекциясынан (–1 636+ және 183 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 183 пациент стационарда, 1 636 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
