Сауда-саттықтағы Brent мұнайының құны мамыр айында 5 пайызға дейін төмендеп, барреліне $52,77 құрады. Бүгін таңертең Brent мұнайы 53,19 долларға бағаланды.
WTI маркалы мұнай бағасы да 5%-ға дейін арзандап, өткен жылдың желтоқсан айындағы ең төменгі көрсеткіштерді жаңартты. WTI баррелі $50,33 долларға саудаланды.
АҚШ-тың энергетика министрлігі елдегі мұнай қоры туралы деректерді жария еткен соң, мұнай бағасы күрт құлдырады. 24 ақпаннан 3 наурызға дейінгі аралықта мұнай қоры 8,22 миллион баррельден 528,4 миллион баррельге ұлғайған.
Ал сарапшылар мұнай қорын небары 1,97 миллион баррельге көбейеді деп күткен еді.
