Доллар мен рубльдің демалыс күндерге арналған бағамы белгіленді

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 435, 69 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,78 теңге.

2 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6, 14 теңгеге төмендеп, 435, 53 теңге болған. Ресей валютасы 5, 87 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 437 – 440 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 435,5 – 440 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5, 65 – 5,95 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,5 — 5, 77 теңгеден саудаланып жатыр.