Малатияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 23:25-те эпицентрі Пытурге ауданында, 7 шақырым тереңдікте жер сілкінісі тіркелді.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 03:28-де Бингөлде Солхан аймағында, 14 шақырым тереңдікте, магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Түркияның шығысындағы Сивас провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жұма күні жергілікті уақыт бойынша 20:19-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 км тереңдікте, эпицентрі Гюрюнь облысында болған.
Түркияның орталығындағы Конья провинциясында магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жұма күні жергілікті уақыт бойынша 17:01 тіркелді.
