Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау, сонымен қатар инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негіз болды. Геосаяси жағдай мен оның салдарының белгісіздігіне, сонымен қоса азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары болуына байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталады, — делінген ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 7 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.