Бұл туралы елшілікте өткен брифингіде Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи айтты.
Заттай көмектен бөлек, Қазақстан тұрғындары ақшалай көмек берді. Осы уақытқа дейін жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы ашылған ресми шотқа шамамен 5 миллион доллар ақша түсті, — деді Уфук Екиджи.
Сонымен қоса елші Қазақстан үкіметі 1 миллион доллар қаржылай қолдау бергенін атап өтіп, барша қазақстандықтарға алғыс айтты.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл). Дүмпу елдің 10 провинциясында, сонымен қатар шекаралас Сирияда да сезілді.
