Ұлттық банк доллардың ресми бағамын белгіледі

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 444,23 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,96 теңге.

17 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 74 теңгеге өсіп, 444, 77 теңге болған. Ресей валютасы 5, 94 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,5 – 451,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448– 452 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5, 85 – 6,15 теңгеден сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,97 -6,02 теңгеден саудаланып жатыр.