Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жексенбіде Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.