Синоптиктер мәліметінше, республиканың батыс және оңтүстік бөлігіне солтүстік-батыс антициклон әсер етеді. Сондықтан әлі де жауын-шашынсыз ашық ауа-райы болады.
Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығына Баренц теңізі аудандарының циклоны әсер етеді, сондықтан қар жауып, жел күшейеді. Ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды, — делінген хабарламада.
