13 қаңтар күні сағат 11.15-тегі ақпаратқа сәйкес 4 облыста ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, температураның төмендеуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, автожолдарды тазарту үшін 250 бірлік жол-пайдалану техникасы және 350-ден астам қызметкер жұмылдырылды. 900 текше метр көктайғаққа қарсы материал қолданылды.
