Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райының нашарлауына (боран, нашар көріну, көктайғақ) және жол тазартуға байланысты автожолдардың 61 учаскесі жабылды, оның 26-сы республикалық маңызы бар, — делінген хабарламада.
Қар құрсауында қалған көліктер:
- Астана-Щучинск тасжолында 8 жүк көлігі;
- Ақтөбе облысындағы Ақтөбе-Қарабұтақ автожолында 30 техника;
- Абай облысында Қалбатау ауылынан шығар жерде – 46;
- Көкпекті – Қалбатау аралығындағы тасжолда — 39 автомобиль тұр;
- Павлодар облысындағы Шідерті – Қарағанды автожолында 20 автокөлік қар құрсауында қалған.
Ел бойынша барлығы 143 бірлік техника жолдардың ашылуын күтіп тұр. Кейінгі тәулікте республикалық жолдарда құтқарушылар 37 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.
