Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жалпы 3 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 2 680 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 487, пневмониядан (КВИ-) – 193) емделіп жатыр. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 7 адамның жағдайы ауыр,
— 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
