Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, орталығында бұрқасын болады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші секундына 15-20 метр.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 23 метр.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, екпіні секундына 23 метр, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр.
Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында секундына 15-20 метр, облыстың батысында екпіні секундына 25 метр жел күтіледі.
