Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген жарлықта.
