Тоқаев: Біз мемлекеттілігіміздің жаңа дәуіріне аяқ басамыз

Жақтастар форумы – кандидаттың сайлауалды науқанындағы соңғы іс-шара. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсеткен баршаға ризашылығын білдірді.

«Алдағы жексенбіде халқымыз елдің болашағын айқындайды. Бұл – мемлекетіміз үшін өте маңызды науқан. Мен өз сайлауалды бағдарламамда әділеттілік идеясына негізделген жаңа мемлекеттік саясаттың бағдарын ұсындым. Бағдарламада елді одан әрі қарқынды дамытуға, азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар қамтылған. Біздің мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру, барлығы және әрқайсысы үшін әділдікке қол жеткізу, істі созбалаңға салмай, әділдікке қол жеткізу үшін күресу. Еліміздегі саясат, экономика және әлеуметтік салаларда адал әрі әділ ойын ережелерін бекіту аса маңызды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

88183b946cc5f0e8c96b2e66e1c74a7e 14 Тоқаев: Біз мемлекеттілігіміздің жаңа дәуіріне аяқ басамыз
Фото: президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Ол президент сайлауы барлық негізгі билік институтын кешенді түрде жаңғыртудың бастамасы болатынын айтты.

«Біздің халқымыздың болашақ тағдыры жексенбі күні өтетін сайлауға байланысты. Біз ескі мен жаңа Қазақстанның арасында, өзгерістерден қорқу мен өз ойын еркін білдірудің арасында, таңдаулылардың өктемдігі мен барлығы үшін әділдік арасында саналы түрде таңдау жасауымыз керек. Әрқайсыңыздың дауысыңыз маңызды және шешуші болуы мүмкін. Барлық отандасымды азаматтық ұстанымын білдіруге, өзінің және бүкіл ұлттың болашағын таңдауға шақырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

88183b946cc5f0e8c96b2e66e1c74a7e 15 Тоқаев: Біз мемлекеттілігіміздің жаңа дәуіріне аяқ басамыз
Фото: президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Іс-шара барысында республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұргүл Ұлжекова, зауыт шебері Мақсат Тоханов, кардиолог-дәрігер Гүлнар Қамбарова, Sensitive естімейтін бишілер театрының солисі Айнұр Сайынова, Қостанай облысынан келген волонтер Юрий Преснов және «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аят Сүгірбай сөз сөйледі.

88183b946cc5f0e8c96b2e66e1c74a7e 16 Тоқаев: Біз мемлекеттілігіміздің жаңа дәуіріне аяқ басамыз
Фото: президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Жалпы үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллионға жуық сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

88183b946cc5f0e8c96b2e66e1c74a7e 17 Тоқаев: Біз мемлекеттілігіміздің жаңа дәуіріне аяқ басамыз
Фото: президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Дайындаған: республикалық қоғамдық штаб
Астана қаласы, Қонаев 12/1.
Тапсырыс беруші: М.Ж.Оспанов.
Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сайлау қорынан төленді.