Елімізде алдағы күндері 22 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер мәліметінше, республиканың басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Сонымен бірге жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.

Кезеңнің соңында фронтальды ағындардың өтуімен бірге республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстікте қар, ал оңтүстік пен батыста жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша желдің секундына 15-23 метрге дейін күшеюі, көктайғақ, тұман болса, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта ауаның температурасы 8-22 градусқа дейін төмендейді, — делінген хабарламада.