Қазақстанда алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың ауа-райына әлі де Атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді, жауын-шашын, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты екпінді жел секундына 15-28 метрге сақталады, 15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында секундына 30 метр және одан да аса қатты жел күтіледі.

Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп күтіліп отыр. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 аязға дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі, — делінген хабарламада.