Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстамбұлдағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, кеше Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Жарылыстан 6 адам қаза болып, 38 адам жараланғаны хабарланды.

ҚР Ыстамбұлдағы бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға үндеді.

Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ. Ыстамбұлдағы ҚР бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 мамырға арналған бағамын белгіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар болып шықты

Атыраулық жүргізуші 86 айыппұлы төленбеген, мемлекеттік белгісі жалған көлікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жазда 2,8 миллион оқушы мемлекет есебінен тегін демалады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы каникулда оқушылардың демалысын ұйымдастыру шаралары туралы айтты.

Алматыда адамдарды кім құтқарады? Шұғыл топтың жұмысынан фоторепортаж

Baribar.kz тілшілері Алматының құтқару қызметі мекемесіне барып, құтқарушылардың жұмыс күні қалай өтетінін біліп қайтты.

Доллар 441–446 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр.