Қазақстанда коронавирусты тағы 58 адам жұқтырды

10 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 725 адам (коронавирустан (КВИ+) – 576, пневмониядан (КВИ-) – 149) емделіп жатыр. Олардың ішінде 68 пациент стационарда, 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 7 адамның жағдайы ауыр;
— 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
— 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.