Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек, ұжымдық келісімшартқа сәйкес, қайтыс болған кеншілердің отбасысына жалақының 10 жылдық мөлшерінде материалдық көмек, оған қоса, кредитті төлеу мен балаларды оқыту шығындары өтеледі, — деді облыс әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Облыс әкімінің айтуынша, биыл ұжымдық келісімшартқа зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй сатып алу мәселесі де енгізілген.
Жалпы, материалдық және қаржылай көмек толығымен көрсетіледі, — деп түйіндеді Қасымбек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Апат салдарынан бес жұмысшы қайтыс болды.
Мемлекет басшысы шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты.
Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады.
