2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, таскөмірін өндіру көлемі 76,5 миллион тоннаны құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% артық. Оның 70,6 миллион тоннасы тікелей таскөмірге, 3,1 миллион тоннасы лигнитке, 2,7 миллион тоннасы көмір концентратына тиесілі.
Биыл қаңтар-шілдеде отандық компаниялар лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, таскөмірге сұранысты 99,6% қамтамасыз етті. Ал бір жыл бұрынғы көрсеткіш 99,4% болған еді. Осы кезеңде өндіріс 5,8%, яғни 66,4 миллион тоннаға дейін өсті, ал импорт, керісінше, 18,3%, яғни 285,8 мың тоннаға дейін азайды.
Экспорт 16,3% артып, 20,9 миллион тоннаға жетті, ал ішкі нарықта сату көлемі тек 1,4% өсіп, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 45,7 миллион тоннаны құрады.
2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда таскөмір халық үшін бір айда 2,9% және бір жылда 10,8% қымбаттады.
Елімізде 1 тонна көмірдің орташа бөлшек сауда бағасы бір жылда 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өсті. Ең қымбат көмір Тараз және Орал қалаларында сатылған. Жоғары баға Жезқазған (16,4 мың теңге), Алматы ( 16,2 мың теңге) және Талдықорған (16 мың теңге) қалаларында тіркелген.
