Коронавирустан емделіп жатқан 3 науқастың жағдайы өте ауыр

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Қазақстанда 9 қазанның қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы 28 адамнан анықталды.

Емделіп жатқандардың ішінде 116 пациент стационарда, 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 6 адамның жағдайы ауыр,

• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

коронавирус