Тоқаев Путинге көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдар қаза табуына байланысты көңіл айтты.

«Ресейдің Ижевск қаласындағы 88-мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», — деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз біреу мектепте атыс шығарып, адамдар қаза тапқан.