Қазақстан аумағында үсік болады

Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша екпінді жел, оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста түнде және таңертең тұман болжанады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Түнде Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады. Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Алматыда да күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы.