13-15 қыркүйек күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері күн суытып, еліміздің басым бөлігінде жауын жауады.

Солтүстік-батыс суық антициклон Қазақстанның солтүстік жартысына әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күндізгі жаңбыр түнде көктайғаққа айналуы мүмкін.

14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Кейбір өңірлерде жел күшейеді. Түнде солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда аяз болады, — делінген хабарламада.