Жел, жаңбыр, аяз: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, скандинавия түбегінен Қазақстан аумағына жылжитын антициклон әсерінен күн салқын болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. 10-12 қыркүйекте түнде батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстікте, сонымен қатар орталықта топырақ бетінде 1-3 градус аяз болады, — делінген хабарламада.