Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды.
ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желі ашылды, психологтар жұмысы істейді.
Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы.
