Жаңа үш облыстан сенат депутаттарын сайлау басталды

Сенат депутаттарын таңдаушылар – мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Парламент сенаты депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталады.

Таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де (елорда уақытымен) басталды. Әр облыстан екі депутат сайланады.

Сенаттағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.

Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаты енгізілген.