Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

Болжамға сәйкес, елде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы +40 гардусқа дейін көтеріледі, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндізгі уақытта біртіндеп 35 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Қазақстанның орталығында аптап +30…+38 градустан +27…+35 градусқа дейін аздап төмендейді, республиканың шығыс аймақтарында ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +40…+45 градусқа дейін аптап сақталады, — делінген хабарламада.