Қазақстанға жыл басынан бері 6 мыңнан астам адам көшіп келген

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2022 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны – 6 227 адам, елімізден кеткендердің саны – 9 034. Көші-қон айырымы – 2 807 адам, — делінген хабарламада.

Статистикаға сәйкес, еліміздегі негізгі көші-қон процесі ТМД мемлекеттерімен байланысты. Биылғы 5 айда ТМД елдерінен келгендердің көші-қон үлесі – 85,1%, ал аталған мемлекеттерге елден кеткендердің үлесі – 81%.

Ұлттық статистика бюросы ішкі көші-қон деректерін де жариялады. Оған сай, үш өңірде динамика бар.

Олар: Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары. Мәселен, бес ай ішінде Алматыға 14 481 адам көшіп келсе, елорда 12 783 адамға толыққан. Ал Шымкент территориясына 1 773 қазақстандық көшіпті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да