Оған сәйкес «қызыл» аймақта ешқандай өңір жоқ.
«Сары» аймақта Алматы қаласы тұр.
«Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.
Айта кетейік, кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Нұр-Сұлтан қаласының «сары» аймаққа өткені жайлы хабар тараған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігі бүгін бұл ақпаратты жоққа шығарды.
