Қазақстандағы коронавирус: Алматы «сары» аймаққа өтті

16 маусымнан бастап Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артқан еді. Зерттеулер бойынша бүгінде COVID-19 жұқтырғандар санының артуына стелс-омикрон әсер еткен.

Еске салайық, бұған дейін елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керек екені туралы шешім қабылданған болатын:

  • науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
  • COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
  • жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
  • 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.