Тоқаев Елена Рыбакинаны Уимблдон финалына шығуымен құттықтады

Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты! — деп жазды мемлекет басшысы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесіп, жеңіске жетті.