БАҚ: Жапонияның бұрынғы премьер-министріне оқ атылды

РБК желілік басылымының жазуынша, NHK телеарнасының тілшісі оқ атылған дыбысқа ұқсас дыбысты естіген, содан кейін саясаткер есінен танып қалған.

Синдзо Абэ 2006-2007 және 2012-2020 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарды. Сол кезеңде ол Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясының төрағасы болды.

Шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Оның саясаткерге неліктен атпақ болғаны әлі белгісіз.