Жол инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда. Ауданда 486 көшенің 439-ы немесе 90%-ті асфальтталған. Биыл қалған 47 көшеден 10,2 километр 17 көшеге жол төсемінсіз орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі, – деді Ерболат Досаев.
Ал Қайрат және Әлмерек шағынауданына 2 жылдың ішінде сумен жабдықтау желілері салынып, асфальт төселеді.
2022 жылдың желтоқсан айында Құлжа күре жолы – Бұқтырма көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталады. Биыл 7 көшеге 5 шақырым тротуар салынады. 65 көшеге тағы 53 километр тротуар қажет. Бұл жұмыстар жалғасатын болады, – деді ол.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің Рысқұлов даңғылы мен Ержанов көшесінің бойындағы магистральды темір жол учаскесін қауіпсіз кесіп өтуі үшін қыркүйек айында 2 жерүсті өткелін салуға мемлекеттік сараптама алынады. Жұмыстар 2023 жылдың бірінші тоқсанында басталады.
