2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев және «Қазақ қызы» қоғамдық ұйымының төрайымы Қарақат Әбденмен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» түсіндіру жұмыстары бойынша жоғары көлік және коммуникация колледжінің қызметкерлері және студенттерімен «Референдум – демократиялық қоғамның маңызды құралы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — оқу орнының оқытушылары мен 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие жастарына референдумның мән-мақсатын түсіндіру және 5 маусымда референдумға халықты белсенді қатысуға шақыру.
Іс-шараны Нұр-Сұлтан қоғамдық кеңесінің төрағасы, Нұр-Сұлтан техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы, Конституциялық реформаларды түсіндіру жөніндегі Нұр-Сұлтан бойынша республикалық қоғамдық штабтың басшысы Зұлфыхар Гаипов конституциялық реформаның негізгі тармақтары туралы айтты.
Ақылбек Күрішбаев жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, референдумға енгізіліп жатқан өзгерістер мемлекетіміздің қарапайым азаматының өмір жағдайына қаншалықты оң әсер беретіні жөнінде кеңінен айтып өтті.
Кездесуде сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды.
Қарақат Әбден еңбек ұжымына дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді және референдумға белесене қатысуға үндеді.
Г.Мырзағалиева
