«Әйелім алады». Депутаттар жалақысын қайда жұмсайтынын айтты

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Банк картам әйелімде. Шамамен бір 630-650 мыңдай қолына алады, ет ауылдан туыстарымыздан келеді. Азық-түлік бағасы күн сайын өсіп жатыр. Жалақыдан жалақыға өмір сүріп жатырмыз десек болады, – деді депутат Ерлан Сайыров.

Мораторий министрлер мен әкімдердің жалақысына әсер етеді. Бұл шешімді мемлекет басшысы аталған қызметкерлердің еңбекақысы жеткілікті деңгейде деп есептей отырып қабылдады.

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, олардың бір айлық жалақысы 500-800 мың теңге аралығында.

Бұған дейін мен мұндай айлық алған емеспін. Сол себепті қазіргі айлық менің ойымша, тиімді. 600 мың теңгенің шамасында аламын. Шамамен, 150 мың теңгедей азық-түлігімізге кетеді. Өйткені көпбалалы отбасымыз. Басқасының бәріне жетеді, – деді депутат Елнұр Бейсенбаев.