Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде 30 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның басым бөлігіне Сібір антициклоны әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын жаумайды. Тек 5 ақпанда солтүстік-батыс циклоны елдің батысына өтіп, жауын-шашын жауып, жел тұруы мүмкін. Республика бойынша тұман түседі,- делінген хабарламада.

Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 20-30 градусқа дейін аяз сақталады.

Қазақстанның қалған бөлігінің ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайтыны айтылды.