Питер Гриффитс Қазақстанның авиация әкімшілігі басшылығынан кетеді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитеті хабарлады.

2021 жылғы 7 желтоқсанда берілген өтінішке сәйкес, оның жеке өтініші бойынша 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры ретіндегі өкілеттігі тоқтатылады. Ол Қазақстанның авиация әкімшілігі құрылғаннан бері 2 жылдан аса жұмыс істеп, авиация реттеушісінің дамуына үлкен үлес қосты, — делінген хабарламада.

2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Линда Орлэди «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры міндетін уақытша атқаратын болады. Ол 2019 жылғы желтоқсаннан бастап бас директордың бірінші орынбасары, ұшу қауіпсіздігінің бастығы қызметін атқарып келді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да