Бағдат Әміреев Хиссейн Брахима Таханы Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы лауазымына тағайындалуына байланысты өзінің шынайы құттықтауын және ислам әлемінің осы аса жоғары дипломатиялық мансабындағы жұмысына зор табыс тіледі.
Жаңа ұйым басшысы Бағдат Әміреевтің штаб-пәтерге ілтипатпен қабылдап, екі бауырлас ұйым арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Хиссейн Брахим Таха мен Бағдад Әміреев өз ұйымдарының қазіргі күн тәртібі туралы пікір алмасты. Ислам әлеміндегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және дамуды нығайту мақсатында кеңейтілген серіктестік орната алатынын атап өтті. Түркі мемлекеттерінің ұйымының барлық мүшелері бір мезгілде Ислам ынтымақтастық ұйымының да белсенді мүшелері болып табылатынын назарға алды.
Ұйым басшылары екіжақты кең ауқымды ықпалдастық орната отырып, Еуразия құрлығында, ислам әлемінде, Еуропада, әсіресе, Орталық Азия мен Кавказда аймақтарында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бірлесіп атсалысатынын жеткізді.
