Азамат Сарғазиннің мәліметінше, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Оның ішінде 44-і — терроризм актілері бойынша, 15-і — кісі өлтіру бойынша, 6 іс — насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру бойынша. Күдікті ретінде 780 адам ұсталды, сот оның 695-ін қамаққа алды. Бұл істердің ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынына тағы назар аударғым келеді, — деді ол ОРталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Бас прокурордың аға көмекшісі соттар қаңтардағы оқиғаларға байланысты барлығы 8 354 әкімшілік істі қарағанын, соттар мен прокурорлар жеңілдететін мән-жайлар мен кінәлі адамдардың өкінуін ескеріп жатыр.
3 337 құқық бұзушыға қамаққа алу немесе айыппұл түрінде жаза қолданылмай, ескерту ғана жасалды. 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды. Осы сәтте 1 002 адам қамақта, олардың әкімшілік жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлар аппеляциялық сотқа 1 758 өтініш хаттар енгізді, — деді
Азамат Сарғазин қазіргі уақытта прокурорлардың өтініш хаттары бойынша 676 адам қамақтан босатылғанын хабарлады. 344 айыппұл ескертуге ауыстырылды.
Прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтініш хаттары қаралып жатыр. Бұдан бөлек, тағы 358 әкімшілік іс материалдарды сотқа жіберілмей тоқтатылды, — деді Бас прокуратура өкілі.
