Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау басталды

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл шара заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес — қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білетін болсаңыз, «102» пультіне хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі,- делінген хабарламада.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады. Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да