Алматыда 17 қаңтардан бастап қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыты бір сағатқа ұзартылды. Яғни, көліктер енді таңғы 8:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жүреді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 12 қаңтардан бастап қаланың барлық қоғамдық көліктері, оның ішінде қала маңы маршруттары да жұмысын бастаған болатын.
