Өздеріңізге мәлім, Алматы — менің туған қалам. Осында дүниеге келдім, оқыдым. Алдымызда қысқа мерзім ішінде қаланы қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл — менің президент ретінде және еліміздің азаматы ретінде парызым. Қаланың қалпына келетініне еш күмән жоқ. Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр. Бұл — өте үлкен жұмыс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жедел штаб отырысында.
Айта кетейік, бүгін, 12 қаңтарда, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ол жедел штаб отырысын өткізді.
Мемлекет басшысы сонымен бірге ертең, 13 қаңтарда ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентін елден шығару жұмыстары басталатынын айтты.
