Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жедел штаб отырысын өткізді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың хабарына қарағанда, қаланы жылу, электр қуаты, су және газбен қамтамасыз ететін барлық нысан қалыпты жұмыс істеп жатыр.

Сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, жанармай бекеттері және өнеркәсіп орындары жұмыстарын жандандыруда, қоғамдық көлік іске қосылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен әкімшілік ғимаратында 14 қалалық басқарма болғаны, қазіргі уақытта олардың резерв ғимараттарға, сонымен бірге әкімшілікке қарасты ұйымдарға орналастырылғанын естіді.

Бұған қоса, тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығын көлемін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысы еліміздің ірі қаласына жасалған террористік шабуыл салдарын өз көзімен көру үшін Алматыға арнайы келгенін айтты.

1641984208 KZ1 4400 Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жедел штаб отырысын өткізді
Фото: Akorda.kz

Президент Үкіметтік комиссияға Алматы әкімдігімен бірлесе отырып, инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы құрылымдардың ғимараттарын, видеобақылау жүйесін қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды.

1641984243 KZ1 4395 Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жедел штаб отырысын өткізді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр. Фото: Akorda.kz

Жедел штабы отырысының қорытындысы бойынша Үкіметтік комиссия мен жергілікті әкімдіктер бірлесіп қысқа мерзім ішінде барлық аймақтағы нысандарды қалпына келтіруге, үздіксіз транспорт жұммысын қамтамасыз етуге, азық-түлікпен қамтамазы етуге, сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандарының жұмысын жандандыруға күш салу тапсырылды.

Жедел штаб отырысына Үкіметтік комиссияның төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да