Президент Алматыға келгенін растаймыз. Ол қалада өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сонымен бірге қаза тапқан полиция, әскери қызметкерлердің жақындары мен туыстарымен кездесті. Президент көңіл айтты, наградалар табыстады, — деді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісіне.
Сонымен бірге баспасөз хатшысының айтуына қарағанда, мемлекет басшысы жедел басқару орталығында болып, шұғыл көмек алып жатқан зардап шеккендерді көріп, олардың хал-жағдайын білген.
